"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның 2003-жылғы жұмысы табысты деп бағалануда - ҚазМұнайГаз президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның 2003-жылғы жұмысы табысты деп бағалануда - ҚазМұнайГаз президенті

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның 2003-жылғы жұмысы табысты деп бағалануда - ҚазМұнайГаз президенті

Жалпы алғанда "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның 2003-жылғы жұмысы табысты деп бағалануда. Бұл туралы 23-ақпанда Алматы мен Астана астана арасында өткізілген бейне баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ 2003-жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемін 7 млн. 915 мың тоннаға жеткізді, бұл 2002-жылғы деңгейден 6,5 процентке артық. Жоспардан тыс 193,7 мың тонна мұнай өндірілді. 2003-жылы «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның кірісі 399 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 4,4 процент артық.

Компанияның таза пайдасы 69,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда өсім 18,9 процентті құрады. 2003-жылы компанияның жеке қоры есебінен 58,5 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалды, соның ішінде өндіріс саласына 47,5 млрд. теңге арналды. 2002-жылғымен салыстырғанда өсім 21,4 процентті құрады. 2004-жылдың 1-тоқсанында 14,6 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсау көзделіп отыр.
Ұ.Қарабалиннің айтуынша, «қазір нысандарды жаңалау, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар салу және күрделі қаржы жұмсау мөлшерін арттыруға баса назар аударылуда». «2004-жылы негізгі өндірістік ресурстар мен активтерді жаңалап, компанияның сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасау жоспарланған»,- деді ол. Сондай-ақ, 2004-жылы «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мұнай және газ тасымалдау көлемін арттыруды межелеп отыр.

Соңғы жаңалықтар