«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ақтаунефтесервис» ЖШС-ті $334 млн-ға сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ақтаунефтесервис» ЖШС-ті $334 млн-ға сатып алды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ақтаунефтесервис» ЖШС-ті $334 млн-ға сатып алды

2011 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) «Ақтаунефтесервис» ЖШС (бұдан әрі - АНС) жарғылық капиталының 100% қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметінен. АНС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында мұнай-сервистік қызметтер көрсетумен (90% астам қызмет) айналысады.

  • 10 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

«АНС-ті сатып алушы — ҚМГ ҰК-нің 100% еншілес ұйымы Cooperative KMG PKI UA (ММГ-нің 50 пайызын иемденуші) компаниясы болды. АНС-ті сатып алу бағасы 334 млн. АҚШ долларын құрады», — делінген жұма күні таратылған ақпараттық баянда.

Жобаны іске асыру АНС-тің қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік жасаумен бірге ҚМГ компаниялары тобына синергетикалық нәтиже береді. Сонымен қатар АНС-тің иелері — жеке инвесторларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на ауыстыру АНС-тің өз тобында, сондай-ақ осы аймақта әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік жасайды, делінген ақпараттық баянда.

АНС холдинг түріндегі 100% төмендегідей үлестерді иемденуші болып табылады:

«Oil Service Company» ЖШС – ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды күрделі әрі жерасты жөндеу, мұнай өндірудің технологиялық процестерін химияландыру т.б. жұмыстармен айналысады (3300 адам); «Oil Construction Company» ЖШС — СМР, өнеркәсіп нысандарын салу, электр беру желісі, жол және бұрғылау жабдықтарын қайта құрастыру (2100 адам); «Oil Transport Corporation» ЖШС – ММГ кен орындарындағы технологиялық көлік, жүк және қызметкерлерді тасымалдау (2600 адам); «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС — ММГ пайдалану және электр жабдықтарына қызмет көрсету (700 адам); «Мұнайтелеком» ЖШС — ММГ кен орындарындағы телекоммуникация 700 адам).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

Соңғы жаңалықтар