«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Шелл» концерні «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Шелл» концерні «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар өткізді

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Шелл» концерні «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар өткізді

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) мен «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» (бұдан әрі - ШКД) Астанада «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар ұйымдастырды,

  • 14 Шiлде 2011
  • 707
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Семинарға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, сонымен қатар ҚМГ ҰК еншілес кәсіпорындарының баспасөз қызметі және PR-департаменттерінің жетекшілері мен мамандары қатысты.

Shell Upstream International-дың қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Ник Вуд (Nick Wood) семинарға қатысушыларды «Шелл» концернінің беделді басқару жөніндегі жұмыстарының стратегиялық жолдары және негізгі принциптерімен таныстырды.

Ник Вуд «Шелл» концерні қоғаммен байланыс бөлімшесі қызметінің негізгі мақсаты қызығушылық танытатын тараптарды нәтижелі түрде хабарландырып отыру және олармен өзара тығыз байланыс орнату, айрықша бренд, сонымен бірге компанияның дұрыс беделін қалыптастыру болып табылатындығын ерекше атап өтті.

— Қоғаммен байланыс ұйымы «Шелл» концернінің корпоративтік беделі мен брендіне жауап береді, сондықтан біз техникалық жағынан да, идеялық жағынан да PR-құралдарының ең алдыңғы қатарлы түрлерін енгізуге баса назар аударамыз,- деп атап көрсетті Ник Вуд.

«Аспандау» Ғылыми білім беру қорының президенті Қанат Нұров «PR -корпорацияның маркетингтік стратегиясының саяси құралы ретінде» деген тақырыпта баяндама жасады.

Семинарды қорытындылай келе оған қатысушылар корпоративтік PR-ды басқару саласындағы білімді бір жүйеге келтіруге, жетекші халықаралық компанияларда қолданылып жүрген қазіргі заманғы технологияларды талдауға, сонымен қатар PR-технологияның бизнесті стратегиялық жағынан дамытудағы және компанияның капиталдануын арттыруға мүмкіндік беретін құрал ретіндегі осы шараның тәжірибелік маңызын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар