«ҚазМұнайГаз" жанармай станциясына қарулы шабуыл жасалды
![]() |
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында бүгін «ҚазМұнайГаз» жанармай станциясына қару асынған біреулер шабуыл жасаған. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін жанармай станциясының әкімшілігі мәлімдегендей, таңғы сағат бесте бетперде киген біреулер есікті бұзып ішке кірген де, күзетші мен кассирді қарумен қорқытып, 500 мың теңгедей ақша алып кеткен. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін