ҚазМұнайГаздың Қарашығанақ газын өңдейтін зауыты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мақұлданды
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Батыс Қазақстан облысы газ өңдеу зауыты» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтті. |
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013-2014 жылдарға белгіленген жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге отандық жобалау ұйымдары қатыспақ. Оларды іріктеу 2013 жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс.
Жылына 5 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт (ГӨЗ) Қарашығанақ кенішінде өңделетін ілеспе газды өңдеумен айналысады.
Отандық тұтынушыларды газбен қамту мақсатында салынаты зауыттың бірінші кезеңі 2014-2019 жылдарға, екінші кезеңі 2021-2013 жылдарға жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін