ҚазМұнайТеңіз Абай және Исатай құрылымдарын игерудің өндірістік жобаларын басқаратын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайТеңіз Абай және Исатай құрылымдарын игерудің өндірістік жобаларын басқаратын болады

ҚазМұнайТеңіз Абай және Исатай құрылымдарын игерудің өндірістік жобаларын басқаратын болады

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның еншілес кәсіпорны - "ҚазМұнайТеңіз" теңіздегі ұлттық компаниясы" АҚ-ына Абай және Исатай құрылымдарын игерудің өндірістік жобаларын басқару міндеті жүктелді. Бұл туралы Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның теңіздегі жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры Едіге Жолдасов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 429
Фото - Caravan.kz

Абай учаскесінде бір орталық технологиялық және 4 сағалық (ернеулік) платформалар салынады. Мұнай негізгі платформада жартылай сепарацияланады.
Сонымен бірге су астындағы мұнай және газ құбырлары мен су айдайтын құбырлар тартылады.
Ал құрлықта мұнай және газ дайындау қондырғылары, резервуарлар паркі, өндірісті қамтамасыз ету базалары, бұрғылау қалдықтарын өңдеу нысандары мен жолдар салынады.
Исатай учаскесінде жасанды арал тұрғызу жұмыстары жүргізіледі. Онда алдағы уақытта 2 платформа салынбақшы. Сонымен бірге алыс аралдармен жалғастыратын мұнай құбыры, газ құбыры мен газдан жартылай айырылған мұнайды теңізден жағалауға тасымалдайтын құбырлар тартылады. Су айдайтын құбыр тарту да көзделген.
Исатай учаскесіне құрлықта қызмет көрсететін нысандардың арасында мұнай дайындайтын қондырғы, резервуарлар, су асты мұнай және газ құбырлары болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта