Жарияланды: 380

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның орталық офисі Ақтау қаласына көшеді

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ орталық офисінің Ақтау қаласына көшетіні туралы хабарлады.

ҚМТ-ны Ақтау қаласына көшіру Каспий теңізінің қазақстандық секторында жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметі мен басқару құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне негізделеді. ҚМТ компания орталық офисінің тікелей мұнай-газ операциялары жүргізілетін өңірде орналасуы басқарушылық шешімдерді шұғыл қабылдау үдерісін едәуір жеделдетеді және оң экономикалық әсер тигізеді деп күтеді. ҚМТ орталық офисі Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, «Звезда Ақтау» бизнес орталығында орналасады. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100 % еншілес кәсіпорны болып табылады

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін