«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның орталық офисі Ақтау қаласына көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның орталық офисі Ақтау қаласына көшеді

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның орталық офисі Ақтау қаласына көшеді

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ орталық офисінің Ақтау қаласына көшетіні туралы хабарлады.

  • 6 Қараша 2012
  • 366
Фото - Caravan.kz

ҚМТ-ны Ақтау қаласына көшіру Каспий теңізінің қазақстандық секторында жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметі мен басқару құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне негізделеді.

ҚМТ компания орталық офисінің тікелей мұнай-газ операциялары жүргізілетін өңірде орналасуы басқарушылық шешімдерді шұғыл қабылдау үдерісін едәуір жеделдетеді және оң экономикалық әсер тигізеді деп күтеді.

ҚМТ орталық офисі Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, «Звезда Ақтау» бизнес орталығында орналасады.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100 % еншілес кәсіпорны болып табылады

Соңғы жаңалықтар