Қазмырыш 2012 жылы жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазмырыш 2012 жылы жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр

Қазмырыш 2012 жылы жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр

«Қазмырыш» ЖШС 2012 жылы жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті компанияның басқарма төрағасы Никола Попович.

  • 4 Шiлде 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта компания «Гидрополимет» зауытын жобалаумен айналысып жатыр,ол полиметалл концентраттары мен өнеркәсіп қалдықтарын оттегінің көмегімен атмосфералық сілтісіздендіруді қарастырады, бұл компанияның жаңалығы болып табылады. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп отырмыз», — деді Н. Попович дүйсенбі күні халықаралық тау-металлургия конгресінде.

«Бейнелеп айтатын болсақ, мұны «Қазмырыштың» барлық қоспаларды, ауыр металдарды шығарып, оларды басты өндірісте пайдалануға болатын ыңғайлы қалыпқа бөлетін бауыры деп атауға болады», — деп түсіндірді ол.

Серіктестік басшысының айтуынша, барысында ажыратылатын өнімдердің тізімінде күкірт қышқылы, қалайы, висмут, сүрме, күміс бар.

Н. Попович зауыттың қаржыландыру сомасын, орналасу орны мен қуатын атаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым