Жарияланды: 430

Қазнетті дамытуға арналған баспасөз мәслихаты

8 маусым күні сағат 11:00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында (Алматы, Республика алаңы, 15, 6-шы қабат) «Қазнетке мораторий қажет!» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына Kiwi.kz бейнехостингінің жетекшісі Станислав Игнатов, Namba.kz порталының жетекшісі Қамшыбек Қасымбеков, Yvision.kz блог платформасының коммерциялық директоры Азамат Омаров, NUR.KZ порталының жетекшісі Андрей Многолетний, Gameworld.kz порталының жетекшісі Владислав Толмачев қатысады. Баспасөз мәслихатында Қазақстандағы ірі сайттар өкілдері республикада сайттағы қарақшылық проблемасына тоқталып, қалыптасқан жағдайға талдау жасайды, проблеманы шешу туралы өз ойларымен бөліседі. Аккредитация үшін телефондар: +7 (727) 266-63-82, 266-63-83, e-mail: press2@interfax.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін