"Қазпошта" ашық акционерлік қоғамында Қазақ тілі күндігі өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазпошта" ашық акционерлік қоғамында  Қазақ тілі күндігі өткізілуде

"Қазпошта" ашық акционерлік қоғамында Қазақ тілі күндігі өткізілуде

Бүгін, 27-тамызда "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының орталық кеңсесінде Қазақ тілі күндігі өткізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазпошта" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2003
  • 657
Фото - Caravan.kz

Бүгін барлық департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері күні бойы қазақ тілінде сөйлесетін болады. Акционерлік қоғам мемлекеттік тілді дамытудың кешенді бағдарламасын жасап, пошта қызметкерлеріне арналған қазақ-орыс тілашар сөздігін шығарды. Қазақ тілін үйренуге арналған курстар тұрақты жұмыс істейді.

Бүгінгі акция бағдарламасында басшылардың баяндамасы, пікірталастар, сахналық қойылымдар тәрізді сан-салалы шаралар ескерілген.
Шараға «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының орталық кеңсесінің қызметкерлері,
аударма бөлімі мен құжаттық қамтамасыздық басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері , Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар