«Қазпошта» басшысы 1,5 миллион теңге жалақысын қысқарта алмағанына өкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазпошта» басшысы 1,5 миллион теңге жалақысын қысқарта алмағанына өкінді

«Қазпошта» басшысы 1,5 миллион теңге жалақысын қысқарта алмағанына өкінді

«Қазпошта» басшысы қанша жалынса да, жалақысын қысқарта алмаған. Ай сайын 1 жарым миллион теңге айлық алатын Бағдат Мусиннің табысын азайтуға директорлар кеңесі келіспепті.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Жас төрағаға жүктелген жауапкершілік мен талаптың ауырлығын ескерген кеңес мүшелері, сөйтіп Мусин қанша сұраса да, еңбекақысын қысқартудан бас тартқан көрінеді. Ал ауылдағы қарапайым пошташылар төраға сияқты айлықты миллиондап емес, әрі кетсе 40 мың теңге алатынынан Директорлар кеңесі хабардар болар. Өлместің күнін кешіп отырған осы қызметкерлерге жалақы енді атқарған ісіне қатысты төленбек. Бірақ Бағдат Мусин қазірдің өзінде, операторлар әр қаржы аударымы үшін 50 теңгеден сыйақы алатынын   айтып мақтанды. Десе де, қарамағындағы 22 мың адамның еңбекақысын көтеру үшін қосымша табыс көзін іздеп жатыр екен. Сондай-ақ, шалғайдағы елді-мекендерге басылымдардың апталап кешігуін доғару үшін жаңа әдіс енгізбек. Яғни, газет-журналдар мен хатты мынадай жерден басқарылатын шағын ұшақпен  жеткізуді жоспарлап отыр. Бірақ, ұшы-қиыры жоқ қазақ даласында бұл бастаманың қалай жүзеге асатынын және қанша қаражат керектігін Мусиннің өзі де білмейді.

Бағдат Мусин, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

-Сол шағын құрылғылар  арқылы жеткіземіз деген ой бар. Дүниежүзінде зерттеліп жатыр. Бізде осыны консульттармен бірге талқылаймыз. Пилоттық жоба  ретінде жүргізіп көреміз.