"Қазпошта" бүгіннен бастап қызмет төлемін қымбаттатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазпошта" бүгіннен бастап қызмет төлемін қымбаттатты

"Қазпошта" бүгіннен бастап қызмет төлемін қымбаттатты

2003-жылғы 1-қазаннан бастап "Қазпошта" ААҚ жай, ашық және орама хаттарды жолдау бағасын қымбаттат. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу және шағын бәсекелестікті қолдау Агенттігінен хабарлады.

  • 1 Қазан 2003
  • 426
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ашық хаттарды жолдау құны 2 теңгеге немесе 7 процентке, жай хаттарды 3 теңгеге немесе 8,7 процентке, ал орама хаттарды жолдау құны 10 теңгеге немесе 4 процентке қымбаттады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, компания басшылығының пайымдауынша, бағаны аталған көлемде қымбаттату — тұтыным қоржынындағы құнның қымбаттауына немесе аталмыш қызмет түрлеріне қарапайым халықтың қол жеткізу мүмкіндігіне әсер етпейді. Компанияөкілдерінің айтуынша, қазіргі қолданыстағы тариф жалпы негізгі қорды, соның ішінде әсіресе ауылдық жерлердегі негізгі қорды сақтап қалу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмай отыр. Пошталық вагондарды темір жолмен жеткізу құнының жыл басында өсірілуі пошта тасымалдау және оны жеткізу шығындарының артуына апарып соқты. Тек биылғы 6 айда қосымша шығын көлемі 66,6 млн. теңгені құраған. Сондай-ақ, бұл саладағы ең төмен жалақыны дәл осы пошта қызметерлері алады.
«Қазпошта» ААҚ-ның иелігінде 3387 байланыс бөлімшесі бар. Оның 2792-сі ауылдық жерлерде орналасқан. Елді мекендердің 41 проценттен астамы пошталық байланыс кәсіпорындарының қызметін тұтынады.

Соңғы жаңалықтар