Қазпошта: Енді робот адресатқа сәлем-сауқаттың келіп жетуі туралы хабарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазпошта: Енді робот адресатқа сәлем-сауқаттың келіп жетуі туралы хабарлайды

Қазпошта: Енді робот адресатқа сәлем-сауқаттың келіп жетуі туралы хабарлайды

«Қазпошта» АҚ клиенттерді сәлем-сауқаттың келіп жетуі туралы  қалалық телефон арқылы хабарландыру қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

  • 3 Қараша 2015
  • 770
Фото - Caravan.kz

Қызметтің бұл түрі елдің барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді.

«Қалалық телефонмен автохабарландыруды робот жасайды. Ол клиентке сәлем-сауқаттың түрі, оның трек нөмірі және пошталық жөнелтімді алуға болатын бөлімшенің мекенжайын хабарлайды. Дыбыстық хабарландыруды үндестік режимінде «1» санын басып қайта тыңдауға болады. Аталған жүйе клиенттерге автоматты түрде күніне 3 рет, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, дыбыстық хабарлама тыңдалмағанша телефон соғады», — деп түсіндірді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Әзізов.

Қазіргі уақытта клиенттер 22 мыңнан астам қоңырау қабылдады, соның 2 мыңы қайта тыңдалды. Сондай-ақ 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазпошта клиенттерді СМС-хабарландыру қызметін іске қосқан. Сол уақыттан бері 5 млн.-нан астам хабарландыру жіберілген.

«Қазпошта» АҚ — Қазақстан Республикасының пошта, қаржылық және логистикалық қызмет көрсететін пошта байланысының ұлттық операторы. «Қазпошта» АҚ бүкіләлемдік пошта одағының мүшесі, Posteurop Еуропалық пошта операторлары қауымдастығының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің қатысушысы болып табылады. Компанияның жалғыз акционері — «Самұрық Қазына» АҚ. 


nullnullnullnullnullnullnullnull null

Соңғы жаңалықтар