Марканы бастыру салтанаты Конституциялық Кеңес ғимаратында өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.
Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі — маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130 х 108 мм. Марканың өлшемі 26 х 36 мм. Парақта 8 (сегіз) марка бар. Пошталық марканың номиналы — «А» литерасы (112 теңге) — заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хат жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы — 5 000 дана. Суретші Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ — почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.