Caravan Logo

Қазпошта ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған марка шығарды

Қазпошта ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған марка шығарды

Марканы бастыру салтанаты Конституциялық Кеңес ғимаратында өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130 х 108 мм. Марканың өлшемі  26 х 36 мм. Парақта 8 (сегіз) марка бар. Пошталық марканың номиналы - «А» литерасы (112 теңге) - заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хат жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы - 5 000 дана. Суретші  Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Айта кетейік, «Қазпошта»  АҚ - почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.