«ҚазРосИнвестПроект» - кәмідгі «қаржы пирамидасы» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазРосИнвестПроект» - кәмідгі «қаржы пирамидасы»

«ҚазРосИнвестПроект» - кәмідгі «қаржы пирамидасы»

«ҚазРосИнвестПроект» ЖШС жұмысының шағын несиелендіруге мүлдем қатысы жоқ, деп Қазақстанның шағын несие ұйымдары қауымдастығы мәлім етті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 518
Фото - Caravan.kz


Қауымдастықтың дүйсенбідегі ақпарына қарағанда, «Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары Көкшетаудағы «шағын несие ұйымы» деген желеумен жұмыс істеген «қаржы пирамидасына («ҚазРосИнвестПроект») қатысты материалдар жариялап отыр. (…) Бұл серіктестіктің қызметінің шағын несие ұйымдарына мүлдем қатысы жоқ».
Сонымен қатар, «ҚазРосИнвестПроект» «Шағын несие ұйымы туралы» заңды бұзған. Өйткені, аталған заң «кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтардан займ ретінде қаржы алуға және шағын несиені қолма-қол бергенге дейін комиссия, сыйақы мен өзге де төлем түрлерін алуға тыйым салады».
Осыған байланысты қауымдастық Қазақстан халқын абай болуға шақырды.
«Елде шағын несиелендірудің кең етек жайғанын пайдаланған алаяқтар (…) «ШНҰ» (шағын несие ұйымдары) деген желеумен түрлі құрылымдар құрады, сөйтіп қандай жолмен болса да баюды көздейді, пайызсыз несие мен көп мөлшерде табыс табасыз деп уәде етеді», — деп атап көрсетілген баспасөз мәлімдемесінде.
Қазір үкімет қарауында жатқан «Шағын несие ұйымдарының қызметіне қатысты заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңды тездетіп қабылдау қажет дейді, қауымдастықтағылар.
Мамандардың пікірінше, бұл заң қазақстандық «Мавроди» басқаратын «ҚазРосИнвестПроект» сынды құрылымдардың «ШНҰ» ретінде тіркеліп, халықты алдауына мүмкіндік бермейді.

Соңғы жаңалықтар