«Қазсат-2» серігін ұшыру 15 шілдеге жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
«Қазсат-2» серігін ұшыру 15 шілдеге жоспарлануда

«Қазсат-2» серігін ұшыру 15 шілдеге жоспарлануда

Бүгін Беларусь Ұлттық ғылым академиясында ТМД-ға мүше мемлекет өкілдерінің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесі басталды.

  • 24 Маусым 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

Достастық мемлекеттерінің мүддесіне сай Жерді алыстан алдын ала байқап көру қалай жүзеге асырылатынын, сондай-ақ Қазақстандағы ғарыш саласының болашақтағы дамуы туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Мейірбек Молдабеков айтып берді.

-Мейірбек Молдабеков, қазіргі кезеңде ҚР-дағы ғарыш саласын дамытудың қандай негізгі бағыттары жүзеге асырылып жатыр?

— Қазіргі таңда толық бір бөлімі ғарыш саласына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үдемелі индустриялық-иннновациялық даму бағдарламасының аясында біз алдымызға Қазақстанда ғарыш саласын құруды мақсат етіп қойдық. Бұл мақсаттың алғышарты бар, ол әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы — Байқоңыр.

Сондай-ақ біз елдің Индустрияландыру картасына енген бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Біріншіден, біз ресейлік әріптестерімізбен бірлесе отырып «Байқоңыр» ғарыш айлағының базасында ғарыштық-ракеталық кешен салып жатырмыз. Екінші үлкен жоба — біз ғарыш жүйесі мен «Қазсат-2» серігін телетаратуды құрудамыз, бұл екінші серікті ұшыру ағымдағы жылдың 15 шілдесіне жоспарланған.

-Бүгінгі жұмыс аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығына қатысты қандай мәселелерді қарау көзделген?

— Тағы бір ірі жоба бұл — жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын құру жобасы. Дәл осы жоба аясында Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде жүріп отыр. Біздің бүгінгі кездесуіміздің негізгі мәселесі ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы тапсырмаларды шешу үшін Жерді алыстан байқап көру мәліметтерін пайдалану.

Соңғы жаңалықтар