Жарияланды: 530

«ҚазСат-2» және АҚШ-тың «SES-3» аппараты Байқоңырға жеткізілді

Кеше, 9 маусымда «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Юбилейный» аэродромына «Руслан» Ан-124 ұшағы келіп қонды,

ұшақ Ульяновскіден американдық «SES-3» телекоммуникациялық спутнигін жеткізді, деп хабарлады Ресейғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен. Жүк кедендік тексеруден өткізілген кейін, ғарыш аппараты мен қосалқы бөлшектер салынған контейнерлер теміржолмен айлақтың 92А-50 алаңына жеткізілді. Онда «SES-3» аппаратын орбитаға ұшыру дайындықтары жүргізіледі. Бұған дейін хабарлағандай, «SES-3» аппараты орбитаға қазақстандық «ҚазСат-2» спутнигімен бірге ұшырылады. «ҚазСат-2» Байқоңырға 30 мамыр күні жеткізілген, қазір ол жоспарлы дайындықтан өткізілуде. Қазақстандық және американдық спутниктерді орбитаға алып шығатын «Протон-М» зымырантасымалдағышының сапары 10 шілдеге белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін