Caravan Logo

«ҚазСат-2» және АҚШ-тың «SES-3» аппараты Байқоңырға жеткізілді

«ҚазСат-2» және АҚШ-тың «SES-3» аппараты Байқоңырға жеткізілді

ұшақ Ульяновскіден американдық «SES-3» телекоммуникациялық спутнигін жеткізді, деп хабарлады Ресейғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен.

Жүк кедендік тексеруден өткізілген кейін, ғарыш аппараты мен қосалқы бөлшектер салынған контейнерлер теміржолмен айлақтың 92А-50 алаңына жеткізілді. Онда «SES-3» аппаратын орбитаға ұшыру дайындықтары жүргізіледі.

Бұған дейін хабарлағандай, «SES-3» аппараты орбитаға қазақстандық «ҚазСат-2» спутнигімен бірге ұшырылады. «ҚазСат-2» Байқоңырға 30 мамыр күні жеткізілген, қазір ол жоспарлы дайындықтан өткізілуде.

Қазақстандық және американдық спутниктерді орбитаға алып шығатын «Протон-М» зымырантасымалдағышының сапары 10 шілдеге белгіленген.