«Қазсат-2» жерсерігін Қазақстанның үкіметтік делегациясы бақылайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазсат-2» жерсерігін Қазақстанның үкіметтік делегациясы бақылайтын болады

«Қазсат-2» жерсерігін Қазақстанның үкіметтік делегациясы бақылайтын болады

16 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Қазсат-2» (Қазақстан Республикасы) мен «ОС-2» (АҚШ) жерсеріктері және «Бриз-М» ұшыру блогы бар «Протон-М» ғарыш зымыраны ұшырылады деп күтілуде.

  • 15 Шiлде 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, сондай-ақ «Байқоңырға» Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келеді деп күтілуде. Қазақстанның екінші байланыс жерсерігінің ұшуын ҚР депутаттары, Қазғарыш басшылығы, Қазақстандағы министрліктер мен ведомство өкілдері, журналистерден құралған үкіметтік делегация бақылайтын болады.

«Қазсат-2» жерсерігі Қазақстан Республикасының аумағында үзілмейтін жерсеріктік байланысты, телевизиялық және радиотаратуды жүзеге асыруға арналған.

Дайындық кестесіне сай, «Қазсат-2» жерсерігін Астана уақыты бойынша 2011 жылдың 16 шілдесі күні таңғы сағат 05.16-да ұшыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар