Қазселқорғау: Алматы қасындағы N6 тау көлі тұрақты бақылауға алынған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазселқорғау: Алматы қасындағы N6 тау көлі тұрақты бақылауға алынған

Қазселқорғау: Алматы қасындағы N6 тау көлі тұрақты бақылауға алынған

Алматы қасындағы N6 тау көлі тұрақты бақылауға алынған, оны тасуы ықтимал деген қауіп жоқ, деп мәлімдеді "Қазселқорғаудың" бастығы Тоқтарбек Баймолдаев.

  • 3 Маусым 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Алматыда жұмада төтенше жағдай мәселелеріне арналған жиында айтты.

Оның айтуынша, қазір көлдегі су қауіпсіз деңгейде.
«Қазір көлдегі судың көлемі шамамен 110 мың шаршы метр, өткен жылы шамамен 140 мың шаршы метр болған. Мұздың еритіндігін ескерсек, біздің болжамымызша, ол сол 140 мың шаршы метрге барып қалады. Біз көлдің жағдайын бақылауға алғанбыз», деді Т.Баймолдаев.
Алдында белгілі болғандай, бір жыл бұрын депутаттар аталмыш көлде судың жиналуына қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Кейбір ғалым-геофизиктер де қауіптің бар екендігін айтқан.
Биылғы жылы мамырда да профессор, география ғылымдарының докторы Борис Степанов N6 көлден Алматыға қарай қатты сел жүруі ықтимал, деп айтқан. Оның ақпаратына қарағанда, өткен қыста көлдегі су деңгейі 10 метрден де төмен түсіп кеткен, демек ол судың қазаншұңқыр арқылы моренаға белсенді түрде сүзіліп отырғандығын дәлелдеп отыр. Ғалымның айтуынша, бұл сел туғызуы ықтимал.

Алматы маңындағы №6 көлдің ернеуінен асуы, яғни Алматы маңында су тасу қауіпі жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазселденқорғау» АҚ-ы бастығы Тоқтарбек Баймолдаев айтты.

Оның мәліметінше, геодезиялық түсірілім нәтижесінде 27 мамыр күні көлдегі су деңгейі 3579 метр болған. Яғни, су бұрынғы деңгейден 3,5 метрге төмендеген. Су көлемі 180,5 шаршы метр. Тереңдігі 13,3 метр.

Т.Баймолдаев №6 көлде үлкен көлемде су жиналатын басқа да жерасты қоймалары жоқтығын айтады. Мұз қабаттары бұзылмаған, көл беткейлерінде ұңғымалар анықталған жоқ, жарқабақтардың бұзылуы да байқалмаған. Гирологтармен су деңгейін ары қарай бақылау жалғасуда. Бақылау -сауықтыру жұмыстары 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.

Оның сөзіне қарағанда 1 мамырдағы жер сілкінісі көлге су келетін М.Мәметов мұздығына әсер етпеген. «Біздің бақылауымызша жер дүмпуінің мұздыққа аса қатты әсері жоқ, бірақ аздаған сызаттар мен мұз бетінің бұзылуы байқалды»,- деді Т.Баймолдаев.

Ол сондай-ақ 17 мамырдағы дауылдан соң «Қазселденқорғау» АҚ-ы алдағы қыстың аяғына дейін таулы жердегі қардың көлемін анықтауды жоспарлап отырғандығын жеткізді. «Аймақтар бойынша қар көшкіні болатын жерлерді анықтап, картасын жасау қажет. Көшкіннен қорғау бойынша әлі жұмыс бастаған жоқпыз, алдағы айларда қызу жұмыстар басталады»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар