«Қазспорт» телеарнасы бокстан Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазспорт» телеарнасы бокстан Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазспорт» телеарнасы бокстан Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді

Қазір қазақстандық спортсүйер қауымның назары Қытайдың Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан Азиялық іріктеу жарысына ауып тұрғаны жасырын еме

  • 29 Наурыз 2016
  • 646
Фото - Caravan.kz

Бүгін ширек финалдық кездесулер өтуде. Астана уақытымен 12-00-де басталған түске дейінгі бәсекелерде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко жеңісті жолдарын жалғастырды. Қыздар арасында сынға түсіп жатқан Дариға Шәкімова қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал Назым Ишанова қытайлық боксшыға есе жіберіп алды.

Ал кешкі сағат 17-00-де өзге салмақтағы боксшылар шаршы алаға шықты. Бүгін Олжас Сәттібаев, Қайрат Ерәлиев және Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалға шығу үшін бар күштерін салатын болады.



Ел тұрғындары үшін Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан жарыстың барысын тамашалау мүмкін болмай тұр. Дегенмен қазақстандық жанкүйерлерге «Қазспорт» телеарнасы үлкен сыйлық жасап отыр. Бокстан өтіп жатқан маңызды лицензиялық бәсекені ел тұрғындары тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болмақ.



«Қазспорт» телеарнасы 31 наурыз, бейсенбі күнінен бастап Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Астана уақытымен сағат 12-00-де «Қазспорт» телеарнасы алғашқы көрсетілімін бастайды. Атап айтқанда, жартылай финалдық тартысты бәсекеде -46, -49, -56, -64, -75 кило салмақтағы ерлер, (-48, -51, -57, -60, -69, -75 кило) салмақтағы қыздар шаршы алаңға шығады. 



Ал сол күні 16-00-де -52, -60, -69, -81, -91, +91 кило салмақтағы ерлер бақ сынайды.

Қазспорт» телеарнасының бағдарламасына сәйкес, 1-2 сәуір күндері де (сағат 12-00 және 16-00) жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтеді деп жоспарланған.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера