Қазталов ауданында Президент күніне орай қос бірдей тұрғын үй мен жанар-жағар май бекеті пайдалануға берілді
Тұңғыш Президент күніне орай Қазталов ауданында жанар-жағар май бекеті мен қос бірдей тұрғын үй пайдалануға берілді. |
Кәсіпкер Жасұлан Байғонақовтың «Фара» жанар-жағар май бекеті тұтынушыларға барынша қолжетімді бағамен қызмет көрсететін болады. Аудан әкімі Рыспай Өтешев салтанатты рәсімде ең басты міндет халыққа сапалы қызмет көрсету екендігін атап көрсетті. Бұл күні аталмыш кәсіпкер аз қамтылған бір топ отбасына азық-түлік өнімдерін тегін беріп, бекетті салған құрылысшыларға сыйлық ұсынды.
Сонымен қатар мереке құрметіне Болат Мұсағалиев басқаратын «Казстрой» ЖШС екі тұрғын үй құрылысын мерзімінде аяқтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін