«Қазтеміртранс» АҚ-да темір қалдықтарын өткізу мәселелері жөнінде жүргізілген тексеріс нәтижесі шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазтеміртранс» АҚ-да темір қалдықтарын өткізу мәселелері жөнінде жүргізілген тексеріс нәтижесі шығарылды

«Қазтеміртранс» АҚ-да темір қалдықтарын өткізу мәселелері жөнінде жүргізілген тексеріс нәтижесі шығарылды

Бас көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны - «Қазтеміртранс» АҚ-да және оның құрылымдық бөлімшелерінде инвентарлық парктен шығарылған жүк вагондарын есептен шығару және сату мәселелері бойынша тексеріс жүргізді,

  • 17 Маусым 2011
  • 568
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Тексеріс барысында «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің 05.09.2003 жылғы шешімімен құрылған және Қазақстан Республикасы инвентарлық жүк вагон паркінің баланс ұстаушысы болып табылатындығы анықталды.

2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қазтеміртранс» АҚ, оның құрылымдық бөлімшелері және еншілес кәсіпорындары әртүрлі кәсіпорындарға 16 027 есептен шығарылған жүк вагондары, сондай-ақ 133 766,1 тонна жүк вагондарын жөндеу және өзге де өндірістік қызмет барысында пайда болған қара металдардың ломы және қалдықтарын сатқан.

Кәсіпорынның аталған мүлігі нарықтық бағамен салыстырғанда анағұрлым төмен бағамен сатылған, нәтижесінде «Қазтеміртранс» АҚ-ымен табыс миллиардтаған теңгеге кем алынған.

Есептен шығарылған жүк вагондарын және қара металдардың қалдықтары мен ломын әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге сату олардың баға ұсыныстары негізінде жүзеге асырылған.

Ал сатып алушылар, өз кезегінде «Қазтеміртранс» АҚ-нан есептен шығарылған жүк вагондарын және қара металдардың қалдықтары мен ломдарын төмендетілген бағамен сатып ала отырып, қандай да бір қомақты шығынсыз, бұл мүлікті үшінші тұлғаларға сатып алу құнынан екі және одан да көп есе қымбат бағамен сатып отырған.

Мысалы, 2011 жылы «Қазтеміртранс» АҚ 5 мың тонна көлемінде есептен шығарылған жүк вагондары және қара металдардың қалдықтары мен ломдарын орта есеппен тоннасына 18,5 мың теңгеге «Магнитка» ЖШС-не сатқан.

Өз кезегінде, «Магнитка» ЖШС бұл тауарды тоннасына 46 325 теңгеге қайта сатқан.

Айта кету қажет, «Магнитка» ЖШС-нің өндірістік базасы, сатып алынып отырған металлоломның 90% орналасқан Ақмола вагон жөндеу зауытының аумағында орналасқан.

Сонымен қатар, 2010 жылдың маусым айынан қазіргі күнге дейінгі уақыт аралығында «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Ақмола филиалындағы «Магнитка» ЖШС-нің есепшотынан 250 млн. теңгеден астам қаржы қолма-қол алынған, осыған орай қазіргі уақытта аталған ЖШС-де кешенді салық тексерісі тағайындалды.

Қазіргі таңда Астана қаласы Сот сараптамасының аймақтық ғылыми-өндірістік зертханасы Бас көлік прокуратурасы тағайындаған сот-тауартану сараптамасын аяқтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес қара металдардың қалдықтары мен ломдарын және бөлінбеген ломдарды көтерме сатып алудың нарықтық бағасы мен аталған мүлікті 2007 — 2011 жылдарда сатудан «Қазтеміртранс» АҚ-на түскен табыстың айырмашылығы 3 миллиардқа жуық теңгені құрайды, тиісінше акционерлік қоғамға жоғарыда көрсетілген сома көлемінде табыс түспей қалған.

Аталған жағдай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы және «Қазтеміртранс» АҚ-да металлоломды сатып алушыны таңдаудың нақты регламенттеу рәсімінің жоқтығы себебінен туындап, нәтижесінде жемқорлыққа жағдай туғызып отыр.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да негізгі мүлікті есептен шығару нәтижесінде пайда болатын қара және түсті металдардың қалдықтары мен ломдарының сатудың ең төменгі бағасын анықтау бойынша Комиссия жұмыс істеуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің 24.08.2009 жылғы № 529-Ц санды бұйрығымен бекітілген аталмыш Комиссия туралы Ережеге сәйкес, оның отырысы алты айда бір рет немесе металлоломға әлемдік бағаның өзгеруін ескере отырып, қажет болған жағдайларда өткізілуі керек.

Тексеріс барысында Комиссия жұмысы сатылып отырған металлолом бағасының «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның экономикалық мүддесіне сәйкес келетіндей әділ орнатуға еш септігін тигізбейтіндігі анықталды.

Керісінше, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның Комиссиясы нарықтық ең төменгі бағаға қарағанда айқын төмендетілген бағалар орнатады және оны бүркене отырып «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары металлоломды ұлттық компанияның мүддесіне сай келмейтін бағамен сатып отырады.

2010 жылдың 20 тамызында өткен Комиссияның мәжілісінде металлоломды өткізудің ең төменгі бағасы 1 тоннаға шаққанда 22 000 теңге болып бекітілген.

Сонымен қатар, сараптама қорытындысына сай Қазақстан бойынша 2010 жылы 1 тонна ломның орта нарықтық бағасы 31 285 теңге болса, ал 2011 жылы 38 735 теңгеге дейін баға көтерілген.

Осыған қарамастан, ҚТЖ Комиссиясының мәжілісінде соңғы 10 айда ең төменгі сату бағасы өсу бағытына қарай өзгермеген.

Осылайша, «Қазтеміртранс» АҚ-ның барлық келісімшарттарында металлоломды сату бағасы нарықтық бағадан 2 есе төмен, яғни Комиссия бекіткен ең төменгі сату бағасына сәйкес көрсетілген.

Қазіргі таңда өткізілген тексеріс материалдары Бас көлік прокуратурасының Арыздарды есепке алу кітабына тіркеліп, тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «ҚТЖ ҰК» АҚ-на заңдылықты бұзуды жоюға ұсыныс енгізілді, ұсыныста кінәлі тұлғалардың жауапкершілікке тартылуы мен негізгі мүліктерді бөлшектеу және есептен шығару нәтижесінде пайда болған лом, қара және түсті металдарды сатуды тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық аукцион өткізілетіні туралы ақпарат таратуға көзделген Ережелерді дайындау көрсетілді.

Сонымен қатар, «ҚТЖ ҰК» АҚ-да басты экономикалық мүдделерді сақтау Ұлттық компания басшыларының өздерінің бұл мәселені тәртіпке салуға өз ойы, ынтасы болуы керек.

Соңғы жаңалықтар