«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты

«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты

Бүгін «Бейнеу-Бозой» учаскесінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» (ББШ) магистральдық газ құбырын (МГҚ) пайдалануға беру ресми  рәсімі өтті, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.  

  • 20 Қараша 2015
  • 564
Фото - Caravan.kz

«ББШ» МГҚ құрылысы Қазақстан Республикасын үдемелі  индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға кіреді. Осы жобаның арқасында республиканың оңтүстігін батыстағы кен орындарынан отандық табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.

«Бейнеу-Бозой» учаскесін — газ құбырын пайдалануға беру өзінің маңыздылығына қарай тарихи оқиға болып табылады, ол еліміздің барлық магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосты. Бұл Қазақстанның аумағы арқылы кез келген бағытта газ тасымалдауды әртараптандыруға және импорттық газға деген тәуелділікті толығымен жоюға мүмкіндік берді. Осылайша, ҚазТрансГаз транзиттік әлеуетті арттыру және энергия ресурстарын тасымалдау бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруды жалғастырады, — деп птап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев.

Осы жобаны аяқтау 2016 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын, алайда газ құбыры 5 ай бұрын — жылыту маусымының басталуына қарай пайдалануға енгізілді. Бұдан басқа, тиімді менеджмент пен инновациялық басқару нәтижесінде «ҚазТрансГаз» АҚ аталған учаскені салу барысында бастапқы жоспарланған сомадан шамамен 150 млрд. теңге (500 миллион АҚШ доллары) үнемдеді. Әлемдік экономикадағы тұрақсыз ахуал және қаржыландыру көздерінің шектелуі жағдайында дәл осындай үнемді тәсілдер инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар магистральдық газ құбырының арқасында республика халқының тең жартысы тұратын оңтүстік облыстардағы 577 елді мекенге қосымша газ берілетін болады.


Еске сала кетейік, жобаны іске асыру 2010 жылғы желтоқсанда басталған болатын, қазақстандық «ҚазТрансГаз» және  қытайлық «Trans-Asia Gas Pipeline Cоmpany Limited» компанияларының тең үлестік негізінде «Бейнеу — Шымкент» газ құбыры» ЖШС құрылды. Газ құбырын пайдалануға енгізу Қазақстан Республикасының барлық магистральдық газ құбырларын: «Союз», «Орта Азия — Орталық», «Бұхара — Орал», «Бұхара газды ауданы  — Ташкент — Бішкек — Алматы», «Газли — Шымкент», «Қазақстан — Қытай» бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар