«ҚазТрансОйл» акциялары соңғы күндерді күтіп отырған азаматтарға жетпей қалуы мүмкін - Ө.Шөкеев
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Халықтық IPO» инвесторларын соңғы күндерді күтпей, «ҚазТрансОйл» акцияларын қазір рәсімдеуге шақырды. |
«Қазір қарқын жаман емес. Барлық брокерлер мен қазпошта бөлімдері жақсы жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда акцияларға 2500 адам жазылды, 3 миллиардтан астам қаржы жиналды. 5 желтоқсанға дейін акционерлердің саны көбейеді», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы.
Ө.Шөкеевтің атап өткеніндей, күніне 500 миллион теңгеге акциялар сатып алынуда. Ұлттық зейнетақы қорлары қолдарына акциялар түспей қалады деп алаңдап отыр.
«Қазіргі уақытта 2,5 мың адам жазылды. Брокерлердің шоттары 20 мыңнан асады. Осыған қарағанда, біздің болашақ инвесторлар соңғы күндерді күтіп отырған сияқты. Бұл дұрыс емес. Өздері кейін, кезектерде тұрып, қиындықтар көріп қалады. Қазпошта бөлімшелері де, брокерлер саны да шектеулі. Сондықтан инвесторларды соңғы күндерді күтпей, қазір рәсімдеуге шақырар едім», - деді Ұлттық Қор басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін