«ҚазТрансОйл» АҚ батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазТрансОйл» АҚ батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті

«ҚазТрансОйл» АҚ батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті

«ҚазТрансОйл» АҚ су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

Компанияның қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Серік Ақбергеновтің сөзіне қарағанда, «ҚазТрансОйл» АҚ арнайы қорға 1 млрд. теңге аударды. Бұдан басқа еліміздің түрлі облыстарында еңбек ететін компания қызметкерлері (7 мыңнан астам) 19,2 млн. теңгеге жуық қаржыны жинап берді.

Су тасқыны кезінде де «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Орал мұнай құбыры басқармасының жиырмадан астам қызметкері апатқа қарсы тұрды. Басқарма бөлген 19 техника суды сору, дамбаны бекіту, электр желісін қалпына келтіру жұмысына белсене қатысты.

Өткен жылы компания қызметкерлері қызылағаштықтарға 20 млн. астам теңгенің жәрдемін берген болатын.

Соңғы жаңалықтар