«ҚазТрансОйл» компаниясының 2013 жылғы пайдасы 170 миллиард теңгеге дейін өсетіндігі жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазТрансОйл» компаниясының 2013 жылғы пайдасы 170 миллиард теңгеге дейін өсетіндігі жоспарлануда

«ҚазТрансОйл» компаниясының 2013 жылғы пайдасы 170 миллиард теңгеге дейін өсетіндігі жоспарлануда

"ҚазТрансОйл" компаниясының 2013 жылғы шоғырланған пайдасы 170 миллиард теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.

  • 6 Қараша 2012
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 5 қараша күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

«Цифрларға жүгінетін болсақ, 2011 жылы біздің шоғырландырылған пайдамыз 140 миллиард теңгені құрады. Биыл ол 145-146 миллиард шамасында, яғни өткен жылғымен салыстырғанда жоғары болады деп күтілуде. Біздің жалғыз акционеріміз — «ҚазМұнайГаз» компаниясы ол кезде 19 млрд. теңге көлемінде дивиденд алған болатын»,-дейді Қ.Қабылдин.

Компания басшысының айтуына қарағанда, бұл үрдіс келесі жылы да сақталады. Себебі шығын үлесі, пайдаға шаққанда азайып келеді.

«2013 жылы компанияның табыс деңгейі 170 миллиард теңге көлемінде болады деп жоспарлануда. Осылайша, компанияның акциялар бойынша дивидендтері мен акцияның өз құны да артуы заңдылық»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар