"Қазтранссервис" ААҚ мен Транссібір тасымалы жөніндегі үйлестіру кеңесі "Балтика-Транзит" атты жаңа контейнер тасымалдаушы поезды іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазтранссервис" ААҚ мен Транссібір тасымалы жөніндегі үйлестіру кеңесі "Балтика-Транзит" атты жаңа контейнер тасымалдаушы поезды іске қосты

"Қазтранссервис" ААҚ мен Транссібір тасымалы жөніндегі үйлестіру кеңесі "Балтика-Транзит" атты жаңа контейнер тасымалдаушы поезды іске қосты

"Қазақстан темір жолы" РМК-ның салалық компаниясы - "Қазтранссервис" ААҚ мен Транссібір тасымалы жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі "Балтика-Транзит" атты жаңа контейнер тасымалдаушы жүрдек поезды іске қосты. Отарба Орталық Азия мен Еуропа арасында контейнерлік жүктерді жедел тасымалдаумен айналысады. Отарбаның тұсаукесері "Танзит-Транс Қазақстан-2003" халықаралық көрмесі аясында 29-тамызда Алматыда өтті.

  • 29 Тамыз 2003
  • 987
Фото - Caravan.kz

Транссібір тасымалы жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Борис Луковтың айтуынша, аталмыш бағыт Оңтүстік-Солтүстік

көлік дәлізінің транспорттық мүмкіндіктерін жүзеге асыру бағдарламасы аясында Латвия, Литва, Эстония, Ресей және Қазақстанның темір жол әкімшіліктерің қатысуымен іске қосылып отыр.
Бағыттың басты артықшылығы сонда, ол кедендік процедуралардан жедел өту және сорттаушы станцияларды айналып өту арқылы жүктерді жедел түрде жеткізе алады. Соның нәтижесінде жүктердің сақталу деңгейі де 100 процент артқалы отыр. Поездың 80 контейнерден тұратын бірінші составы Ресейдің Калининград облысындағы Железнодорожный станциясы мен Алматы арасында 2003-жылдың 8-мамырында жолға шығып, 8 күнде 5,5 мың шақырым жолды жүріп өтті.
«Қазтранссервис» ААҚ-ның Еділ Ысқақовтың айтуынша, бұл еліміз бен ТМД арасындағы контейнер тасымалдайтын екінші маршруттық поезд болып табылады. Ал осындай алғашқы поезд Шеңгелді-Находка бағытында қатынауда.
Контейнерлік поездың жүктері негізінен батыс және оңтүстік Қазақстан мен Алматыға бағытталады. Аймақтарға негізінен мұнай компанияларына арналған жабдықтар мен құрылыс материалдары жеткізілсе, Алматыға өнеркәсіптік және электрондық тауарлар тасымалданатын болады.