ҚазҰУ: 10 жыл қатарынан университеттің ең озат студенттеріне 5 шәкіртақы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазҰУ: 10 жыл қатарынан университеттің ең озат студенттеріне 5 шәкіртақы тағайындалды

ҚазҰУ: 10 жыл қатарынан университеттің ең озат студенттеріне 5 шәкіртақы тағайындалды

ҚазҰУ бізге халыққа адал қызмет етуді үйретті. Университеттен алған тәрбие ой-санамызды бекітті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Мансапқа, қызметке жетуіме ашылған жол — ҚазҰУ білімімен келді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжағали Сағадиев «ҚазҰУ түлектері күні» мерекелік шарасы барысында осылай айтты.

Мәжіліс депутаты бұл мереке арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасатындығын айта келе әлі күнге дейін қызығы мен шыжығы мол студенттік шақ және ұстаздар ұлағаты есінде екендігін айтып, өз төл университетіне арнайы алып келген қонақкәдесімен бөлісті. «Менің университетке деген алғысым шексіз. Осы орайда «ҚазҰУ түлегі күніне» арнайы сыйлығымды ала келдім. Менің атымнан он жыл қатарынан, жыл сайын университеттің ең озат студенттеріне 5 шәкіртақы ұсынып отырмын», — дейді депутат Кенжеғали Сағадиев.

Аға буын алғыстарынан кейін білім, спорт, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми жұмыста өзін жан-жақты көрсете білген студенттер «Университеттің оқу озаты», «Студенттік өзін-өзі басқарудың көшбасшысы», «Зерттеуші — жас ғалым», «Үздік көркемөнерпаз» және «Үздік спортшы-түлек» дипломдарымен марапатталды. Университетті биыл тәмамдағалы отырған түлектер сөз алып, қимай қоштасатындықтарымен бөлісті.

«Қоғамда кәсіби мерекелер жетерлік. Солардың қатарына бүгін тағы бір мереке қосылып отыр. Ол — «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегінің күні». Әлемдік университеттер тәжірибесіне үңілетін болсақ, жоғары оқу орындарының дамуына үлкен үлес қосатын бірден-бір қозғаушы күш — сол университеттің түлектері екен. Бұл мереке университет күнтізбелігінде, қара шаңырақ тарихында алтын әріптермен белгіленетіні сөзсіз. Мереке университет түлектеріне деген үлкен ықыласты танытады. Біз жақсы дәстүрді бастап отырмыз, алда да жалғасын табады», — деп атап өтті өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы.

Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар