ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды

ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты қабылдады.

  • 10 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

Кездесудің мақсаты қазақстандық жетекші жоғары оқу орны мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер ассамблеясының Парламентаралық хатшылық кеңесімен ғылым, білім, гуманитарлық және өзге қызметтік бағыттардағы әріптестік келісім-шартына қол қою болды. Оның негізінде тараптар бірлесіп ғылыми-тәжірибелік конференция, семинар, симпозиумдар өткізеді. Сондай-ақ нақты бағдарлама жасап, ТМД Парламентаралық Ассамблеясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасалып, мемлекетаралық әріптестік жөнінде жобалар жасау іске асырылмақ.

Кездесуге факультет декандары мен экономика және бизнес жоғарғы мектебі мен заң факультеттерінің студенттері қатысты. Олар шара барысында ҚазҰУ қонағына көкейдегі өз сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар