Жарияланды: 320

ҚазҰУ ректоры Жоғары мектептің халықаралық ғылым академиясының алтын медаліне ие болды

ҚазҰУ ректоры Жоғары мектептің халықаралық ғылым академиясының алтын медаліне ие болды

Жоғары мектептің халықаралық ғылым академиясы президиумының шешімімен

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы орасан зор еңбегі үшін» атаулы алтын медальмен марапатталды. Жоғары награданы ол Орталық Азия өңірінде алғашқы болып иеленді. Академия мүшелерінің арасында мұндай марапатқа қазіргі заманғы танымал ғалымдар, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты Ж.И. Алферов ие болған болатын. «Бұл жоғары награда Ғ. Мұтановтың ғалым, жаңалық табушы, көптеген инновациялық жобалардың авторы және ірі университеттің басшысы ретіндегі еңбегінің мойындалуы. Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректорын шын жүректен құттықтаймыз және жетістіктерге одан әрі жете беруін тілейміз», - деді Мәскеуде награданы табыс еткен Академияның президенті Валентин Шукшунов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін