ҚазҰУ-де 200 студент әскери ант қабылдады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазҰУ-де 200 студент әскери ант қабылдады

ҚазҰУ-де 200 студент әскери ант қабылдады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әскери дайындықтың толық курсын өткен 200 студент әскери ант қабылдады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 585
Фото - Caravan.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әскери кафедрасы 1934 жылы Қызыл әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылған.

Мотоатқыштар әскери және әуе қорғаныс әскери мамандықтарын дайындайтын кафедрада тәжірибелі оқытушылар білім беруде.

2010 жылдан бастап мұнда жаңа әскери-есептегі мамандықтар оқытылады. Мәселен, онда білім алған студенттер заңгерлік жұмыстар, мотоатқыштар бөлімшесінде тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстарын ұйымдастыруы, әскери аудармашы сынды мамандықтарды алып шығады.

Әскери ант қабылдау салтанатына университет басшылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қарулы күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен қоғам мүшелерінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ айтулы шара барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінің солистері өнер көрсетіп, әскери кафедраның техникасы мен құралдарының көрмесі өткізілді.

Соңғы жаңалықтар