"Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдарын қайта қарауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдарын қайта қарауды ұсынады

"Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдарын қайта қарауды ұсынады

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. "Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдары "дұрыс емес" деп санайды және сол себепті оны 2007-жылдан бастап өзгерту қажет деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жөніндегі арнаулы кеңесінің отырысында кеше "Қазына" АҚ-ның басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Қараша 2006
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қ.Келімбетовтың айтуынша, «Қазына» АҚ-ның мамандары даму институттарына алғашқы сатылы диагностика жасаған. Оның барысында институттарды қаржыландыру жолдарынан шығынға алып келетін бірқатар кемшіліктер анықталған.

Мәселен, мемлекеттік холдинг басшыларының пайымдауынша, Инвестициялық қорды қаржыландырудың қазір қолданылып жүрген үлгісі аталмыш қордың биыл 110 млн. теңге көлемінде шығынды жұмыс істеуіне алып келген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта