"Қазына" қорының басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазына" қорының басшылығы  жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады - толықтырылған нұсқа

"Қазына" қорының басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады - толықтырылған нұсқа

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін парламент сенатының қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2006
  • 381
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамының басқармалары төрағасы мен оның орынбасарларының жалақысы 5 мың АҚШ долларын құраған, «ал түрлі үстемелерді қосқанда жалақы көлемі айына 10 мың долларға жететін болған».

«Кеше «Қазына» қорының жетекшілері басшылықтың жалақысы түрлі қосымшаларды қоса есептегенде ай сайын 5 мың доллардан аспауға тиіс деген шешім қабылдады»,- деді Қ.Келімбетов.

Қор басшысының айтуынша, бұл шешім «Қазына» акционерлік қоғамының басқаруына берілген еліміздегі барлық даму институттарына қатысты. «Бұл шешім тиісті нормативтік құжаттарда көрініс табады»,- деді Қ.Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта