Оның айтуынша, «»Алатау» ақпараттық технологиялар паркі аясында 1-қарашадағы жағдаймен парк аумағында жүзеге асыру үшін 12 жоба таңдап алынды. Бұл технопарк болашақта өңірде ұзақ мерзімді IT-бизнестің қанатын кеңінен жаюына қажетті операциялық платформасына айналу мүмкіндігіне толық ие»,- деді Қ.Келімбетов. «Бұл мәселені «Microsoft» және «Cisco Systems» компанияларымен алдын-ала талқылау барысында үлкен қызығушылық байқалды. Осы мүмкіндікті олардың инвестициясын арттыру және Қазақстанда өз бизнестерін шоғырландыру мақсаттарында тиімді пайдалануға болады»,- деді ол.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркіне 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде технологиялар трансфертіне қатысты 8 жоба бар. «Қазірде 10 жоба сарапшылар кеңесінің оң бағасына ие болып, Ұлттық инновациялық қордың қарауына жіберілді»,- деді ол.
Қарағандыдағы «UniScienTech» технопаркінің сарапшылар кеңесі 21 жобаны қарап, 13 жобаны іріктеп алды. 5 жоба бойынша грант түрінде қаржыландыруға өтініш әзірленді, деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, қазір даму институттары Астана қаласында, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 аймақтық технопарк құру жөнінде техника-экономикалық негіздеме дайындауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті