"Біздің барлық ақпараттық жүйелеріміздің төлемі салық төлеушілердің есебінен төленетіндіктен, бүгінде мемлекетімізде жұмыс істейтін барлық ақпараттық жүйелерді біріздендіру, стандарттау және интеграциялау мәселесі шешімін табуға тиіс", - деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, "қазынашылық жүйесі барлық ақпараттық жүйелермен, бірінші кезекте бюджеттік, салық және кеден жүйелерімен интеграциялануға тиіс".