ҚДБ ірі бизнестің жобаларына зейін қоюға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚДБ ірі бизнестің жобаларына зейін қоюға тиіс

ҚДБ ірі бизнестің жобаларына зейін қоюға тиіс

Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) тек ірі жобалармен ғана айналысуға тиіс, деп мәлім етті банктің басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов «Эксперт-Казахстан» журналына сұхбат беру барысында.

  • 11 Шiлде 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Банк орта бизнеске қатыстының бәрін тастап, 100 млн доллардан асатын ірі жобалармен ғана айналысуын жалғастырса деген тілек бар», — деп мәлім етті Н. Құсайынов дүйсенбі күні жарық көрген сұхбатта.

ҚДБ басшысының айтуынша, орта бизнестің жобалары әлсіз менеджменттен зардап шегеді.

«Нарыққа өзі шығып, өз орнын нығайтқан, бәсекелесуді үйренген, жақсы мәмілелерді өзі құрылымдай алатын орта бизнеспен қуана жұмыс істейтін едім. Бірақ өкінішке орай, онда ұйымдар өте аз», — деді ол.

«Компаниялар бизнес-жоспар жазуды, нақты айтсақ, оны жазатын фирмаларды жалдауды үйренді. Бірақ ол бизнес-жоспарды әлі жүзеге асыру керек. Бұл үшін дұрыс жолға қойылған операциялық қызмет қажет. Мөлдірлікті қамтамасыз ететін қаржы директоры қажет. (…) Бізде қаржы директоры дегеніміз – қожайынның адамы», — деп есептейді ҚДБ.

Сондай-ақ, Н. Құсайынов ҚДБ-да банк ребрендингінің тұжырымдамасы жасалып жатқанын хабарлады.

ҚДБ — 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ына тиесілі даму институты. Банктің қызметі өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, ел экономикасына инвестиция тартуды қолдауға бағытталған. Мақұлданған жобалардың арасында химия, металлургия, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және байланыс салаларындағы жобалар басым. 2011 жылдың 1 қаңтарында ҚДБ активтері $6,5 млрд құрады. Қарыз портфелі $2,9 млрд-тан асты. Қарыз портфелінің құрылымында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін несиелердің үлесі 82% құрайды.

Соңғы жаңалықтар