QirSabyn (Кір сабын) аноним Telegram-арнасының ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомствода мәлімдеді.
«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Бопсалау») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакцияның ресми сауалына жауап ретінде.
Бұған дейін Бас прокуратура QirSabyn аноним Telegram-арнасы әкімшілерінің ұсталғанын растаған болатын. Бұл 8 желтоқсанда болған.
«Бас прокуратураны үйлестіру кезінде ҰҚК-ІІМ ведомствоаралық тергеу-жедел тобы және ҚМА мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn Telegram-арнасы арқылы ақшалай қаражат бопсалаумен айналысқан адамдар тобы компромат сипатындағы дұрыс емес ақпаратты жариялау қаупімен ұсталды», — деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеушілер техника, ірі көлемдегі ақша және басқа да заттай айғақтарды тәркілеген. Telegram-арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.