Қисықова Оксфорд ғалымдары ұсынған дәріге қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қисықова Оксфорд ғалымдары ұсынған дәріге қатысты пікір білдірді

Қисықова Оксфорд ғалымдары ұсынған дәріге қатысты пікір білдірді

Ұлыбритания дәрігерлері таяуда COVID-19-тан адам өлімінің деңгейін азайтатын дәріні тапты. Атауы - дексаметазон. Бұл дәріні елордалық дәрігерлер де пайдаланады.

  • 17 Маусым 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сәуле Қисықованың айтуынша, елордалық мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруы асқынған науқастарды емдеу үшін бекітілген хаттамаға сәйкес дексаметазон дәрісін пайдаланады.

"Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы комиссия коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын үнемі өзгертіп отырады. Сондықтан біз бекітілген хаттамаға сәйкес жұмыс істейміз. Ал қабынуға қарсы дексаметазон препаратына қатысты айтар болсам, иә, мұндай препарат бар. Әріптестерім консилиум шешім шығарса, соған сәйкес инфекция асқынып кеткен науқасты емдеу кезінде пайдаланады", — деді ол.


Еске салайық, Ұлыбританиялық ғалымдардың дерегінше, дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектеседі.

Бұған дейін Сәуле Қисықова елордалықтарға коронавирусты анықтайтын тесті себепсіз тапсырмауды ескертті.