Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-те хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Футболдың қиямет күні үшін еш пайда әкелмейтінін айтқым келеді. Тіпті мұсылман бауырлардың өзі осы футболға көп мән береді. Қандай да бір командаларды қолдайды. Осындаймен айналысқан кезде сіз үшін бұл қандай көмек болады? Бұл деген ізгі тілектен деп ойламайтын шығарсыздар?! Мұндай нәрселерге дұрыс қарау керек. Біз әрбір ісіміз үшін, әрбір минут үшін есеп береміз. Ол уақытты қайда жоғалттық? не істедік? қандай ниетпен жасадық? осы сұрақтарға жауап беретін боламыз. Футбол адамдарға зиян алып келеді. Осы футболды көріп адамдар уақытын босқа жіберіп жатыр. Сондай-ақ, мұсылман елдерінен келген команда мүшелері әуретті жерін көрсетіп, шолақ шалбармен жүгіріп жүргені Алланың бұйрығына тікелей қарсы келу деп есептеймін. Футболды бізге көрудің де, ойнаудың да қажеті жоқ. Бізге қиямет күніне дайындалу керек", — деді Нұртас Адамбай.