“Қиын жолдармен жүргізеді” - Қойшы Бала мен Жігердің шығармашылығы аяқталды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қиын жолдармен жүргізеді” - Қойшы Бала мен Жігердің шығармашылығы аяқталды ма?

“Қиын жолдармен жүргізеді” - Қойшы Бала мен Жігердің шығармашылығы аяқталды ма?

Қойшы баланы қанатының астына алып ұстаздық ете бастаған Жігер Ауыпбаев соңғы уақытта әлеуметтік желілерден алыстап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 7 Маусым 2022
  • 808
Фото - Caravan.kz

Оқырмандары алаңдап сұрақтарын оқша боратқан болатын.

“Жігер, Қойшы баланы ауылға қайтарып жібердің бе? Неге көрінбей кетті? Қойшы бала қайда?,” — деген сұрақтарға Жігер мырзадан жауап алдық.

Жігер Ауыпбаев:

“Мен үшін білім алу әрдайым бірінші орында тұрады. Арманға білімсіз талпыну, жауға қарусыз аттанғанмен бірдей. Сол себепті Қойшы баланы Алматыға ауыстырғаннан кейін, біліміне қатаң түрде назар аудару керек болды. Оқуымен қатар қосымша домбыра, вокал, спорт үйірмелеріне қатысып жүр.

Айтпақшы, Айдос дәл қазір өтпелі кезеңде жүр. Яғни "переходной возрастты" басынан өткізіп жатыр. Бұл кезеңде дауыс желбезегі балалық дауыстан жігіттік дауысқа ауысады. Бұндай сәтте ән айтуға болмайды. Себебі дауысы үзіліп кету қаупі бар.

Арнайы мамандарға жүгінген едік, қазірше ән айтпай тұрғаны дұрыс деді. Сол себепті ән шығармай жүрміз.

Ал енді дәл қазір жәй-жәй ән айта берсе болады. Тағы бір қуантарлық жаңалық Айдос 9-сыныпты тәмәмдады. Құттықтап қойсаңыздар болды.


Сіздерге бәрі оңай көрінетін шығар. Есімізде сақтайықшы, Алла тағала құлын бақытқа жеткізу үшін қиын жолдармен алып өтеді екен. “Неге қиын жолдармен?”,- десеңіздер оңай жолмен бақыт келмейді екен.

Сабақ аяқталса да, біздің халық алдындағы сабағымыз (ән сапар) енді басталды.

Әнші үшін халықтың батасынан асқан сый жоқ. Сол себепті Қойшы бала екеуімізге сүбелі баталарыңызды дайындай беріңіздер.

Ал, жақын арада Айдос ұлдарыңыздан дәмі таңдайда қалатын тәтті ән күтіңіздер”, —деп әнші сөзін аяқтады.