Қ.Келімбетов Н.Назарбаевқа елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Келімбетов Н.Назарбаевқа елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады

Қ.Келімбетов Н.Назарбаевқа елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 

  • 18 Тамыз 2015
  • 842
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті.
— Бюджеттің жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізуі аса маңызды, — деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты.
— Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұрын оның көлемі 33 пайызға жеткен болса, қазіргі уақытта ол 9,98 пайызға дейін төмендеді, — деді Қ.Келімбетов.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар