ҚХА мүшелері әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандардың құрылысын аралып көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХА мүшелері әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандардың құрылысын аралып көрді

ҚХА мүшелері әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандардың құрылысын аралып көрді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының Ассамблеяның ХVII сессиясында берген тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік жауапкершілік аясындағы, атап айтқанда Ассамблея мүшелерін қоғамды әлеуметтік жаңартуға, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысына, елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық бағдарламаларын іске асыру мәселелерін шешуге тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда,

  • 2 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

1 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алматы облысының Талғар қаласында болып, құрылысы жүріп жатқан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 480 орындық және 300 адамдық жатын орны бар Қазақ-Түрік лицейінің құрылысымен танысты.

Әлеуметтік жаңару саласындағы осы жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, өзінің тарихи отанынан арнайы шетелдік инвестиция тартуды қамтамасыз еткен «Ахыска» Қазақстан түріктерінің қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен (басшысы Зиятдин Исмиханұлы Қасанов) іске асыруда.

Құрылыспен танысу барысында Е.Тоғжанов әлеуметтік жауапкершілік және қоғамды әлеуметтік жаңарту мәселелері Ассамблея қызметінің басты назарында тұр деп атап өтті. Ол бұл жобаның бірінші емес екенін, бұдан бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысының Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге белсенді қатысқанын, қазір Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынан зардап шеккендерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды. 2009 жылы Қазақстан студенттері альянсымен бірлесе әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға, қарттар мен мүгедектерге көмек көрсету жөніндегі «Қамқор» акциясы өткізілген болатын. Аймақтарда ассамблея мүшелерінің балалар үйлері мен қарттар үйлеріне қолдау көрсету бойынша жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

З.Қасанов қонақтарды құрылыс барысымен таныстырып, Ассамблея мүшелері Мемлекет басшысының этномәдени бірлестіктерді қоғамды әлеуметтік жаңарту ісіне тарту жөніндегі тапсырмасын толық қолдайтындығын атап өтті.

Нысанның берілуі биылғы 1 қыркүйекке жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар