Бұл туралы аталған ассамблеясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Қуғын-сүргінге ұшырағандар ұрпақтарымен кездесу «дөңгелек үстел» аясында ұйымдастырылады. Оған «АЛЖИР-дің» тұтқыны болған — Л.М. Френкельдің немересі Дарья Виолина, «ГУЛАГ-тың» тұтқыны болған С.Павловскийдің ұрпағы, «РИСК» кинокомпаниясының режиссеры (РФ, Мәскеу) Сергей Павловский, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтың немересі, Ақмол селолық округі әкімінің орынбасары Айгүл Сейітжанова, «АЛЖИР» тұтқынының ұрпағы Александр Тайғалинов, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтың қызы Күлпаш Қапанқызы Мұхамеджанова, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтың немересі Перизат Садуақас бар.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен зерттеушілер, мемлекеттік органдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, мұражай және мұрағат қызметкерлері қатысады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып Еске алу қабырғасына гүл шоғын қою, үнсіздік сәті және митинг өтеді. Қатысушылар мен шақырылғандар үшін мұражай-мемориалдық кешенде экскурсия ұйымдастырылады.
Қасірет қақпасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым: АЛЖИР — КарЛАГ» атты автошеруді бастауға арналған митинг өтеді. 30-31 мамырда, екі күн бойы оған қатысушылар шеру бағытымен жүріп өтіп, Астана қаласында «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында «Жерұйық» көркемфильмінің тұсаукесеріне қатысады. Сондай-ақ Осакаровка ауылының тұрғындарымен кездесіп, Долинка ауылында және Спасскі мемориалдық кешенінде еске алу шараларын өткізеді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтетін «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.