ҚХЛ: Астаналық «Барыс» хоккейшілері кезекті жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХЛ: Астаналық «Барыс» хоккейшілері кезекті жеңіске жетті

ҚХЛ: Астаналық «Барыс» хоккейшілері кезекті жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы соңғы ойынын да «Барыс» хоккейшілері жеңіспен аяқтады.

  • 9 Қаңтар 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ханты-Мансийскіде өткен кездесуінде астаналық «Барыс»командасы «Югра» хоккейшілерін 1:3 есебімен ұтты.

Турнир кестесіне тоқталатын болсақ, бүгінде ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 62 ұпай жинаған «Барыс» 6 орында, ал «Югра» (59 ұпай) 8 орында тұрақтады.

Осының алдындағы ойынында «Югра» «Нефтехимик» командасына 3:6 есебімен ұтылған болатын. Астаналық команда керісінше «Металлург» хоккейшілерімен болған кездесуін 2:1 есебімен жеңіспен аяқтады.

Ханты-Мансийск командасымен «Барыс» үш мәрте кездесіп, оның екеуінде «югралықтар» ұтты. Естеріңізге салсақ, қос команданың соңғы кездесуінде астаналық хоккейшілер өз айдынында «Юградан» 0:7 есебімен жеңілген еді.

Айта кетейік, астаналық команда бүгін Омбыда «Авангард» командасымен кездесетін болады.