ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында мәскеуліктерді ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында мәскеуліктерді ұтты

ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында мәскеуліктерді ұтты

Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада өткен ойында астаналық «Барыс» мәскеулік «Спартакты» овертаймда ұтты.

  • 23 Ақпан 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

Ойын нәтижесі бойынша есеп 3:2 болып, астаналықтардың пайдасына жазылды. Енді осы жеңісі арқылы «Барыс» чемпионаттың екінші кезеңіне жолдама алды.

ҚХЛ чемпионатында қарсыластар 8 рет кездесіп, оның төртеуінде елордалықтар жеңіске жетті.

«Барыс» бүгінде чемпионаттың Шығыс конференциясында 81 ұпайымен 7-ші орында, ал «Спартак» Батыс конференциясында 62 ұпайымен 9-шы орынға тұрақтады.

Астаналықтардың келесі ойыны 24 ақпанда елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Северсталь» командасымен болады.