ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында айқын басымдықпен жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында айқын басымдықпен жеңіске жетті

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новосібірдегі ойында астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерін айқын басымдықпен тізе бүктірді.

  • 27 Қаңтар 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұл тартысты додада сібірліктер оқтын-оқтын шабуыл жасағанымен елордалықтар оларға ырық бермеді. «Барыс» хокейшілері ойынның үш кезеңінің нәтижесі бойынша айқын басымдық көрсетті, ал қарсыластар есеп ашуға қауқарсыз болды. Сонымен, осы кездесу 0:5 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.

Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар төрт рет кездесіп, оның екеуінде «Сібір» жеңіске жетті.

ҚХЛ-дың турнирлік кестесінде екі команданың арасындағы ұпай айырмашылығы 22-ге жетіп отыр. Яғни, бүгінде «Барыс» 73 ұпайымен Шығыс конференциясында 5-ші орында, ал «Сібір» 11 орынға тұрақтады.

Айта кетейік, «Барыстың» бұдан кейінгі кездесуі 28 қаңтарда сырт айдында, яғни Новокузнецк қаласында «Металлург НК» командасымен болады.