Бұл кезедесудің бірінші кезеңінде айдын иелері есеп ашып, алғашқы 20 минут аяқталғанша астаналық хоккейшілерге есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Тек екінші кезеңде ғана «Барыс» командасы шайба салуға қауқарлы болды. Атап айтқанда, негізгі ойынның үш кезеңі барысында қос команда 3:3 есебімен тең түсті. Бұл тартысты додаға соңғы нүктені қою үшін қосымша уақыт берілді. Овертайм аяқталуға 1 минут қалғанда «Сібір» хоккейшілері астаналықтардың қақпасына шайба салып, осы кездесуді 4:3 есебімен өз пайдасына ұтты.
«Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы келесі екі ойынын Хабаровта өткізеді.